Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі үш есеге көбейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі үш есеге көбейтілді

Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі үш есеге көбейтілді

Шымкент. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі секундына 380 текше метрге дейін көбейтілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының суды пайдалану бөлімінде хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Қызылорда облысында суғару жұмыстарын жүргізу қажеттігі үшін бүгінгі күні Шардара су қоймасынан Сырдарияға секундына 300 текше метр су құйылып жатса, Қызылқұм арнасына 80 текше метр су жіберіліп жатыр», — деп хабарлайды суды пайдалану бөлімінде.

Су қоймасына құйылып жатқан су секундына 113 текше метрді құрайды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасындағы су көлемі 4 млрд 936 млн текше метрді құрайды. Бір аптаның ішінде су көлемі 131 млн текше метрге азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті