Шартты түрде босатылған Қостанайдың экс-әкімнің қыздары қалай тұрады? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шартты түрде босатылған Қостанайдың экс-әкімнің қыздары қалай тұрады?

Шартты түрде босатылған Қостанайдың экс-әкімнің қыздары қалай тұрады?

БАҚ хабарлауынша пара алып ұсталып, кейін 13 жылға сотталған Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов мерзімінен бұрын босатылды.

  • 5 Сәуiр 2019
  • 144
Фото - Caravan.kz

Ахмедбек Ахметжанов өзінің өтелмеген мерзімі 2 жыл, 7 ай, 4 күн қалғанын хабарлады. Ол 600 мың теңге тұратын айыппұлды төлейтінін айтып, оны шартты түрде босатуын сұрады, деп жазады "Наша газета" басылымы.

Басылымның хабарлауынша, судья экс-әкімге пробациялық бақылау жасаған. Шешім еш өзгертілмейді және сот шешіміне шағым жасау қабылданбайтынын айтты.

— Мен бұл шешіммен келіспеймін. Мен айыппұл төлеп шыққым келген еді, бірақ маған тағы да шектеу қойды, — деді Ахметжанов.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың сәуірінде Қостанайдың экс-әкімі ірі көлемде пара алғаны үшін 13 жыл бас бостандығынан айырылып әрі мүлкі тәркіленген болатын. Оның төрт жер участкесі, "Метрополь", "Алтынсафт" деп аталатын мейрамханалары, жеке үйі, ВMW X6, Lexus RX 350 және Volkswagen Multivan үш көлігі тәркіленген болатын.

Ахметжановтың шартты түрде босатылуына байланысты Caravan.kz медиа порталы экс-әкім абақтыда отырғанда оның балалары қалай өмір сүргенін біліп көрді.

Индира Ахметжанова (1991 жылы өмірге келген)

Экс-әкімнің тұңғыш қызы әлеуметтік желіге көп кірмейді. Оның желідегі парақшасынан-ақ байқауға болады.
Әкесінің абақтыға қамалғанына қарамастан Индира шалқып өмір сүрді деуге болады. 
 
Тіпті шуба киюге де жақсы болды деп айтуға болады.
Оның үстіне Индираның "В контакте" әлеуметтік желісінен оның тамақ жасағанды жақсы көргенін байқауға болады. Желіге ару түрлі тамақтардың рецепттерін шығарып қойған.
 
Ахметжановтың үлкен қызы поэзияны да жақсы көргенін байқауға болады. Ару Сергей Есениннің өлеңдеріне жақын болған сыңайлы.
Еске салайық, 2014 жылдың 16 желтоқсанында Қостанайдағы "Ля-мажор" түнгі клубында Индира Ахметжанова мен 20 жастағы Анжела Шнайдер төбелесіп қалған болатын. Кейін қос ару да бір-бірінің үстінен шағым түсірген болатын. 
Анжела Ахметжанованың оған ешқандай себепсіз шабуыл жасағанын және ұрып-соққаннан кейін «Қайда арыздансаң, онда арыздан менің әкем — әкім», — деген. Нәтижесінде, сот процесі тараптардың татуласуымен аяқталды.
 

Дилара Ахметжанова (1999 жылы өмірге келген)

Экс-әкімнің кіші қызы Алматыдағы «КИМЭП» университетінде білім алады. Соған байланысты ару көбінесе Алматы қаласында өмір сүретін секілді.

Экс-әкімнің кенже қызының суреттеріне қарасақ бойжеткен түнгі клубтарда көңіл көтергенді ұнататын секілді.
 
Бойжеткен галерея мен көрмелерге барғанды да ұнатады.
 
Дилара әпкесі секілді әдемі әрі қымбат көйлек кигенді жақсы көретін сыңайлы.
 
Бойжеткен туған қаласына барып тұруды да ұмытпаған.
 
Дилара суретте белгілеген жерге қарайтын болсақ, экс-әкімнің отбасы қазір қай жақта тұрып жатқанын көруге болады.
Бойжеткен белгілеген мекен-жайда оның бірнеше суреттері жасалғанын көруге болады.
 
Соңғы жаңалықтар