"Шашын жайып,жалаң аяқ көстеңдеп шыққаны несі": Гүлзира Айдарбекованың кенже келіні тағы да елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шашын жайып,жалаң аяқ көстеңдеп шыққаны несі": Гүлзира Айдарбекованың кенже келіні тағы да елдің қызу талқысына түсті

"Шашын жайып,жалаң аяқ көстеңдеп шыққаны несі": Гүлзира Айдарбекованың кенже келіні тағы да елдің қызу талқысына түсті

Нұртасовтар әулетінің кенже келіні Индира Мәуленова көпшіліктің назарына ілікті.

  • 12 Ақпан
  • 1307
Фото - Caravan.kz

Отбасына келін болып түскелі, осы әулетте алғаш рет туған күнін тойлаған оны, көпшілік қатаң сынның астына алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Отбасындағы қуанышты жаңалықпен Гүлзира Айдарбекованың өзі бөлісті. 

"Бүгін @indi_maulenova келініміздің, біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын!", — деп жазды ол. 

Көпшілік әулеттің кіші келінін туған күнімен құттықтаса, олардың арасында жаппай сынға алушылар да көп болды. 

""Шашын жайып,жалаң аяқ көстеңдеп шыққаны несі", "Солтүстіктің адамдары айтып отырады ғой оңтүстікте, Шымкентте келіндерін құл сияқты ұстайды, жұмсайды деп. Қане осы ма, көре алмай айта береді солар", "Индира шошып кеткен шығар не айғай болып кетті деп, туған күні құтты болсын", "Жаңа түскен келінге бір түрлі екен, атасы бастап осылай құттықтаған" деп жазды олар.