Шекара бұзған 1680 адам ұсталды - ҰҚК ШҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекара бұзған 1680 адам ұсталды - ҰҚК ШҚ

Шекара бұзған 1680 адам ұсталды - ҰҚК ШҚ

Еліміздің оңтүстік шекарасындағы Қордай және Мерке бағыттарында құқыққорғау органдарының «Транзит» атты біріккен іс-шарасы жалғасуда.

  • 3 Маусым 2014
  • 592
Фото - Caravan.kz

Оған ҰҚК, ІІМ, қаржы полициясы, кеден комитетінің аумақтық бөлімшелері қатысып, мемлекеттік шекарадағы режімнің бұзылмауын, өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдайдың қалыпты болуын қадағалауда.

Аталған іс-шара кезінде қазақстандық шекарашылар заң бұзушы 1680 адамды ұстады. Бұған қоса 8 келі гашиш, 2 келіден астам героин мен бір келіге жуық марихуана, 13 автомобиль, 8 травматикалық тапанша, 120-дан астам оқ-дәрі, 1,5 келі алтынмен әшекейлік заттар, сондай-ақ жалпы салмағы 68 тонна болатын халық тұтынатын тауарларды заңсыз өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жанар-жағармай, тыңайтқыштар, мал және түз жәндіктерін өткізуге тырысатындар да кездесуде. Атап айтқанда, 3,5 тонна дизель майы, 8,5 тонна химиялық тыңайтқыш, 47 бас ірі қара, 8 бас ұсақ мал, 12 бас түйе, 65 бас жылқы және 280 келі болатын тасбақа, 190 дана мобильді телефон өткізу деректерінің жолы кесілді. Заңсыз түрде қаржы тасымалдағысы келетіндер де жеткілікті. Іс-шара барысында 25500 АҚШ доллары, 1000 еуро, 9000 қырғыз сомы, 619100 теңге анықталды.


Тәркіленген заттардың арасында азық-түлік, парфюмерия, қол сағаттары, темекі өнімдері де көптеп кездесіп отыр.