Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов 11 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов 11 жылға сотталды

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов 11 жылға сотталды

Астанада тағы бір атышулы іске соңғы нүкте қойылды. Сот Шекара қызметінің экс-директоры Нұрлан Жоламановты 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, генерал бұдан бұлай мемлекеттік органдарда қызмет ете алмайды. Наградалары мен әскери шенінен де айырылып, бар мүлкі тәркіленеді.

  • 7 Наурыз 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

Негізі прокурор генералды 14 жылға бас бостандығынан айыруды және  жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуін сұраған. Ал, Жоламановтың сыбайласы, яғни екінші айыпталушы – 2458 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетов тергеу кезінде белсенділік танытып, істі тез ашуға көмектескені үшін жазадан босатылды. Оның үстіне Балмағамбетов тағылған бар кінәні бірден мойындап, генералдан қысым көргенін, сөмкелеп миллиондарды тасығанын жасырған емес. Шекара қызметінің экс-директоры болса, мұның бәрі «саяси тапсырыс» деп ақыры қылмысын мойындаған жоқ. Жоламанов пен Балмағамбетов «Қызметін асыра пайдаланды», «Қылмыстық топ құрып, ірі көлемде пара алды» деген  күдікпен былтыр қарашада ұсталған болатын. Әскерилерге қатысты сот бір жарым айға созылды. Бүгінгі үкіммен генералдың өзі де, жақындары да мүлдем келіспей отыр.

Гүлнар Жоламанова, Нұрлан Жоламановтың жұбайы:

— Біз үкіммен мүлдем келіспейміз. Себебі, тергеу өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалған куәгерлердің сөзіне сүйеніп жүргізілді. Олар Жоламановқа қарсы түсінік беру арқылы куәгер болып шыға келді. Ал, тәркіленеді деген мүліктің бәрі сатылып кеткен, қазір біздің меншігімізде емес. Сондықтан біз қайта шағымданамыз.