«Сыпатай батыр» шекаралық бақылау бекетінің бақылаушылары (Жамбыл облысы) Қырғыз Республикасынан халық тұтынатын тауарларды жарияламай өткізуге тырысқан 43 жастағы отандасымызды ұстады.
Жасырын жүктің салмағы 250 килодан астам, ал құны 900 000 теңгеге жетіп жығылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Мерке» (теміржол) шекаралық бекетінің бақылаушылары (Жамбыл облысы) «Бишкек — Москва» пойызын тексеру кезінде заңсыз жолмен өткізілмек болған салмағы 250 килоға жуық 4 бума жүкті анықтады. Жүктің құны 800 000 теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша жолсерік ұсталды. Оны ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 427 бабы бойынша жауапқа тарту көзделіп отыр.
«Кордай» заставасының (Жамбыл облысы) шекарашылары иесіз жатқан салмағы 45 кило болатын 3 қап темекі (сигарет) өнімдерін тапты. Тексере келгенде шекара қоршауының төменгі жолағы бұзылған болып шықты. Темекі өнімдерін әлдекімдердің шекарадан өткізуге тырысқандары байқалады.