Шекарада тағы да жанжал. Тәжік және қырғыз азаматы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарада тағы да жанжал. Тәжік және қырғыз азаматы жараланды

Шекарада тағы да жанжал. Тәжік және қырғыз азаматы жараланды

Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалда Тәжікстан шекара әскерінің қызметкері мен Қырғызстан азаматы жараланды.

  • 4 Сәуiр 2018
  • 38
Фото - Caravan.kz

Екі елдің шекара қызметінің мәліметінше, жараланғандардың жағдайы бірқалыпты. Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға Уч-Добо ауылы тұрғынының жеріне қоршау орнатуы себеп болған екен. Бұл аймақтың әлі қай мемлекетке жататыны ресми шешілмегендіктен, аталған жерге кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.

"Қырғызстан азаматы ескертуге құлақ аспаған. Бұл Тәжікстанның Хожа-Аъло ауылы тұрғындарының ашуын туғызған. Екі тараптан 50 шақты адам сөз таластырып, соңы бір-бірлеріне тас лақтыруға дейін барған", — деп хабарлайды Қырғызстан және Тәжікстанның шекара қызметі.

Жанжал жарты сағаттан кейін тоқтаған. Жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарымен кездескен.

Әлеуметтік желілерде жанжалдың бейне жазбасы пайда болды. Ол жерде тараптардың бір-бірлеріне тас лақтырып жатқанын көруге болады.


Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара ұзындығы 971 шақырымды құрайды. Оның 519 шақырымы қай елге жататыны шешілмеген. Екі елдің шекарасында 70-ке жуық даулы учаске бар.

 

Оқи отырыңыз: 

Ақтөбеде сүт пен шетелден әкелінетін құс етінен ішек таяқшасы анықталды
Франция сахнасында Тамара Асардың ұлы домбыра тартты