Шекарада Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарада Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Шекарада Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен Қазақстан шекарасын қиып өтпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 203
Фото - Caravan.kz

«Алматы» шекара бақылау бөлімшесі жасағы «Тбилиси-Алматы» бағытындағы рейстен Түркияның 6 азаматын ұстады. Олар тексеруге осы елдің азаматтарының құжаттарын ұсынған. Құжаттардан жалған құжат белгілері анықталды», — делінген хабарламада.

Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстан арқылы Еуроодақ елдеріне шығып кетпек болған. Азаматтардың ұсталғандығы туралы құқық қорғау және  өзара іс-қимыл жасау органдарына хабарланды.  


 

Соңғы жаңалықтар