Жарияланды: 130

Шекарада ұйықтап қалған қостанайлық сарбаз сот алдында жауап берді

Шекарада ұйықтап қалған қостанайлық сарбаз сот алдында жауап берді

Әскери қызметші кінәсін мойындап, ісіне өкініп отыр.

Қостанай облысының Қарабалық аудандық сотында шекара бекетінде ұйықтап қалған 22 жастағы әскери қызметшіге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Алау" өңірлік басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, 2017 жылдың 11 қазанында шекара қызметінің әскери қызметшісі қызмет бабында ұйықтап қалған. Сарбаз кінәсін толық мойындап, әскери бөлімде келісімшартпен жұмыс істейтінін айтты.

"Сол күні таңғы жетіде ол қызметіне кіріскен. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі техникалық үзіліс арасында жігіт ұйықтап қалған. Үзіліс біткеннен кейін де ұйықтағаны белгілі болды. Оны басқа бір азамат оятқан. Кінәсін мойындап, ісіне өкініп отыр", — деп мәлімдеді сотта.

Істі қарау қорытындысы бойынша әскери қызметшіге 25 АЕК (60 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін