Шекарадан 20 бас жылқыны айдап өтпек болғандардың жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарадан 20 бас жылқыны айдап өтпек болғандардың жолы кесілді

Шекарадан 20 бас жылқыны айдап өтпек болғандардың жолы кесілді

Қазақ-қырғыз шекарасында 20 бас жылқыны айдап өтпек болғандардың жолы кесілді.

  • 12 Қазан 2016
  • 499
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз шекара отрядына қарасты «Гродеково» заставасының шекара наряды заставадан 10 шақырымдай қашықтықта өтіп бара жатқан 14 бас жылқыны анықтап, ұстады. Жылқыларды айдап келе жатқан белгісіз тұлғалар шекара нарядын көрген соң көрші елдің аумағына барып жасырынды. Аталған аумаққа қосымша шолу жасаған шекарашылар ол жерден тағы да 6 бас жылқының ізіне түсіп, оларды да ұстады.   Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының құқық қорғау органдары мен өзара әрекеттес мекемелері хабарландырылды.