«Аталған соманың 1,5 млрд теңгесі республикалық, 500 млн теңгесі — облыстық және 300 млн теңгесі — қалалық қазынаның қаржысы. Бұл қаражаттың басым бөлігі жолдарды жөндеуге жұмсалды», -деді әкім.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-22 қыркүйекте Ақтөбеде Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы өтеді. Оған 800-ден астам делегат қатысады.
Ақтөбедегі форумда азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, екі елдің ірі кәсіпкерлерінің бизнес-форумы мен тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті