Шекарашылар браконьерлер құрған аудан балық қарағаны үшін жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар браконьерлер құрған аудан балық қарағаны үшін жазаланды

Шекарашылар браконьерлер құрған аудан балық қарағаны үшін жазаланды

Атырауда брокеньерлердің қойған ауынан балық қарап жүрген шекарашы мен бөлім командирі жазаға тартылды. Оқиға Жайық өзенінде болған. Балық қорғау инкспекторы шекара қызметінің старшинасын екі белгісіз азаматпен бірге ауларды тексеріп жатқанын байқаған.

  • 18 Желтоқсан 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Оларды қолға түсіру кезінде қайық «Еуразия» шекара бекетіне жасырынып қалған. Жазбаша түрдегі ақпарат әскери прокурорға жолданған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

«Әскери прокуратура ҚР ҰҚК ШҚ өңірлік жағалық күзету басқармасына қызметтік тексеру жүргізу туралы тапсырма берілген. Қызметтік тексеру нәтижесінде ПКА-а621 «Қарлығаш» командирі 3 дәрежедегі старшинасы Денис Шаховты қызметінен төмендетіп, жүзу құрамындағы қызметке байланысты емес қызметке тағайындау туралы шешім қабылданған», — дейді Батыс өңірлік әскери прокурорының уақытша міндетін атқарушы әділет капитаны Алтай Молдабаев.

Оның айтуынша, 2201 «Г» әскери бөлімінің командирі міндетін атқарушы подполковник Ризабек Еңсебаев қызметінен босатылып, ҚР ҰҚК ШҚ директорының қарауына берілді. 


Соңғы жаңалықтар