Шекарашылар есірткі заттарын алып өтпек болғандардың жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар есірткі заттарын алып өтпек болғандардың жолын кесті

Шекарашылар есірткі заттарын алып өтпек болғандардың жолын кесті

Шекарашылар есірткі заттарын алып өтпек болған 7, оқ-дәрілер алып өтудің 2 әрекетінің және 11 000 доллар заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті.

  • 8 Қараша 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, 5-6 қараша аралығында отанымыздың әр қиырындағы шекарашылар әртүрлі есірткі заттарын алып өтпек болғандардың 7 әрекетінің жолын кесті.

Сонымен, Мерке ЖБӨП учаскесіндегі "Сыпатай батыр" өткізу пунктінде, Сарығаш шекара жасағының "Жібек жолы" өткізу пунктінде, Ақтөбе шекара жасағының "Әлімбет" өткізу пунктінде, Петропавл шекара жасағының "Бидайық" және "Мамлютка" өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қордай шекара жасағының "Қордай" өткізу пунктінде қызметтік итті қолдана отырып, тексеру кезінде марихуанна, гашиш және синтетикалық есірткі тұзы салынған пакеттер табылған әртүрлі ұлттың 7 азаматы ұсталды. Барлық азаматтар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Петропавл және Қорғас шекара жасақтарының учаскесінде "Қарақоға" және "Қорғас" ШЫХО" өткізу пункттерінде ҚР екі азаматы ұсталды.


Автомобильдерін қарап-тексеру кезінде шағын калиберлі винтовка мен аң аулауға арналған қарудың 100-ден астам оқ-дәрісі табылды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ осы кезеңде Қорғас шекарашылары елімізден 11 544 АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азаматты ұстады. Қаражыттың иесі 1995 жылы туған ҚР азаматы "Алтынкөл" кедендің бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар