Шекарашылар мыңдаған доллар тұратын бұйымдарды заңсыз әкетпек болғандарды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар  мыңдаған доллар тұратын бұйымдарды заңсыз әкетпек болғандарды  ұстады

Шекарашылар мыңдаған доллар тұратын бұйымдарды заңсыз әкетпек болғандарды ұстады

Батыс шекарада көне заттарды көрші елге алып өтпек болғандар ұсталды. Төрт азамат 19-шы ғасырдың орта шеніне тиесілі темір ақшалар мен тағы басқа 500-дей бұйымды әкетіп бара жатқан жерінен қолға түсті.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 310
Фото - Caravan.kz


Олардың жол талғамайтын көлігін шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы «Орда» заставасында тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында оның ішінен 1846 жылы жасалған 230 дана темір ақша табылды. 1-ші Николайдың кезінде шыққан бұл теңгелердің әрқайсысының құны сапасына қарай бірнеше мыңдаған долларға дейін бағаланады екен. Бұдан бөлек, машинадан 470 дана құнды көне зат табылды. Олардың барлығы қазір полицияға жөнелтіліп, онда қылмыстық іс қозғалды.