Жарияланды: 500

Шекарашылар қарызы жоқ адамды шатысып Үндістанға жібермей қойды

Қарызға белшесінен батқан отандастарымыз шетінен шетелге шыға алмай жатыр. Мемлекет алдында берешегі барларды шекарашылар жолынан қалдыруға мәжбүр. Тіпті олардың қара тізіміне қарызы жоқтар да кіріп кетіпті.

Қараша айындағы мәлімет бойынша, бір жарым миллионнан астам отандасымыздың салыққа қарызы бар екен. Яғни борышкерлер 9,7 миллиард теңге берешек. Бұл соманың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Ең қызығы осындай борышкерлердің кесірі басқаларға да тиіп жатыр. Мәселен, жақында Үндістанға демалуға кетіп бара жатқан алматылық азамат әуежайдан аттап баса алмады. Александр Пушкаревті шекарашылар «қарызың бар» - деп кері қайтарған. Кейіннен анықталғанындай, берешек онымен аты-жөні ұқсас басқа біреуге жазылған екен. 

Александр Пушкарев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Менің мойнымда ешқандай қарыз болған емес. Оны билетті сатып алар кезде турфирмада тексерген. Ал бақылау бекетіндегілер бір сағат өтсе де, бұның не қылған айыппұл екенін анықтай алмады. Соның салдарынан жоспарланған демалысымның шырқы бұзылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін