Жарияланды: 60

"Шексіз бақыттымын": Димаштың альбомы небәрі 37 секунд ішінде платина атанды

"Шексіз бақыттымын": Димаштың альбомы небәрі 37 секунд ішінде платина атанды

 

Димаш Құдайбергеннің альбомы 3 мәрте платина альбом атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Өнер иесі желідегі парақшасында қуанышын бөлісіп, тұңғыш альбомының жарыққа шыққанын жазған. Азғантай уақыттың ішінде тыңдармандары тундысын платина альбомға айналдырған.

Осылайша Димашты қолдаушылар альбомды жүктеп алып, өнер иесін үш дүркін платина альбом иесі атандырды.

"Бір сағат бұрын жеке альбомым жарыққа шықты. 37 секунд ішінде платина атанды. Ал бір сағаттың ішінде үш мәрте платина альбом атанды. Барлық жағынан қолдау көрсететін тыңдармандарыма алғыс айтқым келеді. Менің жетістікке жетуім сіздердің арқаларыңыз",- дейді өнер иесі.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Димаш Құдайберген танымалдылық туралы пікір білдіріп, алдымен, адам болу керектігін ескерткен болатын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін