Жарияланды: 5000

"Шектен шықты": Журналист қазақстандықтарды шетелден үй алуға үгіттеп жүрген әншілерді жауапқа тартуды сұрады

"Шектен шықты": Журналист қазақстандықтарды шетелден үй алуға үгіттеп жүрген әншілерді жауапқа тартуды сұрады

Журналист қазақстандықтарды шетелден үй алуға үгіттеп жүрген әншілерді жауапқа тартуды сұрады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KYN.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық журналист Мөлдір Жанбаева миллиондаған халықты аузына қаратып, еш ойланбастан жарнаманың соңына түсіп кеткен әншілерді сынады. Карантин кезінде тойсыз қалған өнер адамдары блогерге айналып күн көріп жатқаны бәріне түсінікті.

Бірақ, журналистің сөзінше олар шектен шықты. Себебі, әншілер қазір жұртты Қазақстаннан тыс жерлерде әдемі өмір барын видео арқылы көрсетіп, елді шетелден баспана алып, сонда өмір сүріп көруге шақыратын болған.

  • “Басқа мемлекетке көшіп кете ме, айға ұшып кете ме, бұл – әркімнің өз қалауы. Жағдайы жетіп тұрса, 20 мемлекеттен баспана алып қойсын. Бірақ, инстаграмына 3-4 млн оқырманды жинап ап, сол​ жақтағы баспаналарды қуыс-қуысына дейін мақтауын асырып жарнамалаулары – маған ұнамайды. ЖК бағаларын Қазақстанмен салыстырып, әлдеқайда арзан тұратынын, тамақтың бағасы да қолжетімді екенін насихаттайды. «Бүкіл қазақ көшіп келсін демейміз. Бірақ, осы жақтан да бір «Қазақ ауылын» жасақтасақ, несі жаман?» деп қойып жібереді дейсің.

    Тіпті «көшу» туралы онлайн сабақтар өте бастады. Сол мемлекетпен сауда үйрену мәсілесіне қарсылығым жоқ, тіпті қуанар едім. Бірақ, «Қоныс аудару» деген тақырыпшамен сабақ ұйымдастыру қаншалықты дұрыс? Ал, ол постың астындағы «Мен көшкім келеді. Бұйыртса аз қалды, мен де кетем. Көшу үшін неден бастасақ болады?» ​ деген коменттерді оқып, жаным ауырды.

    Меніңше, елден кеткен адамның ​ (әсіресе әлеу.желіде оқырманы көп ) инстаграмы ​ 2-3 айдан кейін бұғатталуы керек н/е Қазақстан аумағына оқылмайтындай шектеу жасау керек. Әйтпесе, әлемнің кез келген елінде жатып ап, инстаграм жарнамаларымен айналысып, ГИВ ұйымдастырып күн-көрістің қиыншылығын бәрібір сезінбейді. Есесіне, қарапайым халықтың санасын бұзуға қарқынды үлес қоса береді.

    Сол жақтағы жайлы өмірді, ыңғайлы тұрмысты айта беріп, онсыз да жүйкесі жұқарған халықтың ойын бұзуға қарсымын! «Мәңгіге кетіп қалуды емес, ​ уақытша тұрып келуді айтып отырмыз» деп ақталғандар да бар. Ал, сол уақытша кеткен адам болашақта қайтқысы келмей қалмасына кім кепіл?!

    Бір танымалдау кісіні инстаграмнан бақылайтынмын. Шетелге шыққан сайын, қайтатын кезінде “Ребят, я так не хочу возвращаться а Казакстан” деп мұңайған стористер жиі салатын. Қазақстанды ұнатпасын, бірақ оны әлеуметтік желі арқылы айта беру маған ауыр тиеді, мысалы. Ал оны қаншама жастар көріп отыр.

    Және сұлулық әлемінде істейтін бір қыз жұмыспен шетелге кетті. Бір күні тікелей эфирде отыр екен, кіре салдым. “Ойй, я тоже туда хочу. Не хочу работать в КЗ” деген коменттер кетіп жатыр. Сөйтсе әлгі қыз: “Конечно, не надо там оставаться, надо сваливать из КЗ” дееп отыр. Естіп, жыным келді. Содан, карантин басталып кетіп, бірнеше ай жұмыссыз жатты қамалып.
  •  
  • Туылған ұл-қызымызға шетелдіктер айтуға ыңғайлы болатындай есім береміз. Жастайынан “Шетелде оқытып, шетелде тұрасың” деп санасына сіңіреміз. Елдің болашағына күдікпен қараймыз. Бірақ, өзімізден өзгеріске деген қадам жоқ!

  • Онсыз да аз халықпыз. Мынадай жарнамалау жалғаса берсе, елде ешкім қалмайды ау. Енді, қарқынды саяхат жүріп жатыр. Не оған шектеу қойып жатқан ешкім жоқ! Басқа жақтағы жайлы өмірді аңсай бергенше, сол өзгерісті өзімізде жасауға неге талпынбаймыз? Ата-бабамыз кең байтақ жерімізді қиын кезең бола қалса, тастап кетіп қалу үшін қорғамаған шығар?! Саналы болайықшы, барлық жағынан!”,- деп жазды журналист Мөлдір Жанбаева желідегі парақшасында.
  • Бұған дейін әнші Қарақат пен Қыдырәлі Болманов және Алтынай Жорабаева Түркияның Алания қаласынан үй алғандары жайлы видео материалды желідегі парақшаларына жүктеген еді. Әншілер сол қаладағы жайлы өмір туралы кеңінен баяндап, үй алғысы келетіндерге агенттік номерін таратып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін