Он-лайн конференция барысында Д. Назарбаева болашақ қоғамдық телеарналар мен жекеменшік БАҚ-та екенін мәлімдеді. Ол Қазақстанның медиа нарығына шетелдік инвестицияны тарту үшін шетел капиталының бұқаралық ақпарат құралдарындағы үлесін 20 пайыздан асырмау туралы шектеуді алып тастау қажеттігін атап көрсетті.
«Мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау деген көпірме тезис, шынын айтқанда, спутниктік сандық телеарнасы мен радионың, Интернеттің дамуы, ақпараттық кеңістіктің жаһандануы заманында күлкілі көрінеді. Сан жетпейтін шектеулер саясаты отандық телерадиоиндустрияны бәсекеге қабілетсіз етіп ұлттық қауіпсіздікке көбірек нұқсан келтіреді», — деп түсіндірді ол.
Д. Назарбаева жетекшілік етіп отырған Еуразия Медиа Форумы БАҚ мәселелерінде жаһандық интеграциялану үлгісін айқын көрсетіп отыр. «Еуразия Медиа Форумы — біздің еліміздегі ең қызықты және пайдалы қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Қызықты болу себебі әртүрлі елдерден қызықты адамдар, өз ісінің шеберлері келеді. Қазақстандық қатысушылар үшін іс жүзіндегі пайдасы да айқын — бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, геосаясат, саясаттану, тарих салаларындағы хас шеберлердің мастер-класстарына қатысу», — деп атап көрсетті Д. Назарбаева.
Қазақстанда қоғамдық телеарнаны дамыту туралы сұраққа жауап бере отырып, Д. Назарбаева «Хабар» телеарнасының қоғамдық телеарна құру үшін пайдаланылатын үздік база екенін атап өтті. Тек саяси ерік-жігер мен қоғамның осы «салтанат» үшін ақша төлеуге дайындығы ғана керек.
Он-лайн конференцияға қатысушылардың сұрақтары Д. Назарбаеваның кәсіби және қоғамдық қызметіне де қатысты болды. Ол сондай-ақ, елдің саяси өмірі және әлемдегі оқиғалар жөніндегі мәселелер бойынша да өз пікірімен бөлісті.
Болашақта Қазақстан президенттігіне ұсынылу ниеті туралы қойылған сауалға Д. Назарбаева өзінде мұндай ойдың жоқ екенін үзілді-кесілді жеткізді.
«Қандай рөлдер сізге жақын? Табысты медиаменеджер ме, атақты саясаткер ме, сіздің сахнадағы қойылымдарыңызға үлкен назар аударылғаны ма, ана және әже болу ма?», — деген сауалға Д. Назарбаева: «Ана және әже болу», — деп жауап берді.
Ресей президенті Путинмен және оның мұрагері Медведевпен тікелей таныссыз ба деген сауалға ол: «Мен екеуімен де тікелей таныспын. Олар тартымды, қызықты адамдар. Менің ойымша, қазіргі замандағы Ресей тарихындағы Владимир Путиннің рөлін асыра бағалау қиын. Ресейдің Путинге деген сенімі жоғары. Оның мұрагері — Ресей халқының лайықты таңдауы екеніне сенімдімін», — деп жауап қайтарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті