Шен үшін ішкен әйелдердің қайда жұмыс істейтіні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шен үшін ішкен әйелдердің қайда жұмыс істейтіні анықталды

Шен үшін ішкен әйелдердің қайда жұмыс істейтіні анықталды

Шен үшін ішкен әйелдердің қайда жұмыс істейтіні анықталды.

  • 29 Наурыз 2018
  • 106
Фото - Caravan.kz

Желіде шен үшін ішкен әйелдердің видеосына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауап берді. 

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы азаматтардың ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет ететіні анықталды. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңына сәйкес оларжауапкершілікке тартылды. Майор А,, капитан И. және аға лейтенант Р.-ға қатаң сөгіс жарияланды", — делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің жауабында. 

Қз кезегінде ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің тәртіптік этика мен мемлекеттік қызметкердің нормасына теріс қылық көрсеткені үшін оларға тәртіпті жазаның ең қатаң түрі қолданылды. 
Сонымен қатар, мұндай жағдайдың бірінші рет болып тұрғанын айта кету керек. ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметкердің қарым-қатынасы мен мәдени қалыптасуы үшін және әскери қызметкерлер арасында тәртіпсіздіктің алдын алуға әрдайым профилактикалық шаралар жүргізіліп тұрады. 

Еске салайық, таяуда шен үшін ішкен әйелдердің видеосы тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. 

Интернетте пайда болған видеода үш әйел былай дейді: "Құрметті офицерлер, кезекті әскери шен алу үшін алып қоюға рұқсат етіңіз", — дейді де шыны стақанға құйылған сұйықтықты ішеді. Осы әрекет демалыс орындарының бірінде түсірілген. 


"Видеодағы адамдардың прокуратура органдарына еш қатысы жоғы анықталды. Сонымен қатар, Бас әскери прокуратурасына осы дерекке қатысты тексеру жүргізіп, заңмен бекітілген уақытта нәтижесін жариялау тапсырылды", — деді ведомстводағылар. 

Оқи отырыңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлдарының Ninety One тобының әншілері секілді болғанын қаламайды

"Канелоны" допингке қатысы бар деп айыптаған Головкиннің өзі сотқа тартылуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар