Шенеуніктер Түркістан облысында пирамида салған тұрғынды сотқа береді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер Түркістан облысында пирамида салған тұрғынды сотқа береді

Шенеуніктер Түркістан облысында пирамида салған тұрғынды сотқа береді

Ер адам ешкімнен тиісті рұқсат алмай, Қазығұртта пирамидалар сала бастаған. Ол осылайша адамдарды бәле-жаладан қорғамақ болғанын айтып отыр.

  • 26 Тамыз 2020
  • 44
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысының тұрғыны ешкімнен тиісті рұқсат алмай, Қазығұртта пирамидалар сала бастаған. Ол осылайша адамдарды бәле-жаладан қорғамақ болғанын айтады. Алайда шенеуніктер оның бұл бастамасын қолдамай отыр. Мұны заңсыз құрылыс деп бағалады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Еуразия бірінші арнасы"-на сілтеме жасап хабарлайды. 

Өзінің ғалым екенін айтып, пирамидаларды заңсыз салған шымкенттік құрылысты тоқтатуға болмайтынын жеткізді. Айтуынша, тоқтатса, әлемдік деңгейдегі апат болады. Жергілікті шенеуніктер бұл сөзге сенбеген көрінеді. Олар материалдарды құзырлы органдарға жолдады.

Пирамидаларды жасаушы Шерәлі Артығалиев Ресей ғылым академиясының академигімін деп отыр. Түс көргенге дейін сәулет ісіне еш қатысы болмапты.

"Маған пайғамбарымыз аян берді. Ол кезінде Қазығұртта жеті пирамида болғанын айтты. Оларды қалпына келтіруді тапсырды. Мен Арыстағы жарылыстан кейін 2019 жылдың 27 маусымында сала бастадым. Егер ертерек салып үлгерсем, трагедия болмайтын еді", — дейді жоба авторы.

Құрылысқа қаражатты Қазығұртты зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институты бөлген. Оған Артығалиевтің өзі жетекшілік етеді.


"2020 жылдың 18 маусымында бұл адамға хат жолдадық. Құрылысты тоқтаттық. Жер Жаңабазар ауылдық окргугінің балансында. Істі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жібердік", — дейді шенеуніктер.

Бұдан соң сот болады, Заңсыз құрылыс авторы 75 АЕК (шамамен 170 мың теңге) мөлшеріндегі айыппұл төлеуі мүмкін.

Қазығұрт тауы

Қазығұрт тауы Түркістан облысы орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 км-дей қашықтықта орналасқан.Қазғұрт тауына қатысты көптеген аңыз бар. Қасиетті жер саналады.

Соңғы жаңалықтар