“Шешініп сүйісуден қорықпаймын”: Тақырбас Ұлдананы Бауыржан Ибрагимов эфир барысында қуып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Шешініп сүйісуден қорықпаймын”: Тақырбас Ұлдананы Бауыржан Ибрагимов эфир барысында қуып жіберді

“Шешініп сүйісуден қорықпаймын”: Тақырбас Ұлдананы Бауыржан Ибрагимов эфир барысында қуып жіберді

Қалаулымның танымал қатысушысы Ұлдана Ерқасымды Бауыржан Ибрагимов эфир барысында қуып жіберді.

  • 9 Қараша 2020
  • 3458
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Oybay-Show" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында ғана "Хабар" арнасында көрсетіле бастаған "Қаламаймын" жобасын Бауыржан Ибрагимовпен, "Қалаулымның" бұрынғы қатысушысы Ұлдана Ерқасым жүргізген болатын.

"Қалаулым" мен "Қаламаймын"-ның айырмашылығын біле бермейтін жұртқа Ұлдана айтып берді.

"Қалаулым" — образ. Мен ол жерде шешініп сүйісуден қорықпаймын. Ол жерде мен актрисамын.

ал "Қаламаймын"- ол шынайы жоба. Ол жерде мен өз ойымды ашық айтамын. Ешқандай актриса емеспін.

Эфир барысында Бауыржан Ибрагимов не себепті қуып жіберді?

Ұлдана бұл туралы не дейді?!

"Негізі бастапқыда мені жоба жүргізушісі етіп шақырғанда Бауыржан аға мына тақырбаспен жүргізбеймін деген екен. Ол нәрсе біраз уақытқа ұзарды. Соңында хабар агенттігі нақты осы қыз бодады деп шешімін айтқан соң, тоқтады.
Ол кісінің бетке айтып тастайтыны ұнайды. Сен мағае қарсы сөйлеме деп ұрысып тастайды бірақ тез ұмытып кетеді.

Ол кісінің көргені, түйгені көп әрине. Көп сөйлейді. Менің айтқан сөзім бар: 'Бауыржан аға тағы он минут сөйлемедіңіз ба?, сіздің бенефисіңізді жасамадық па?, тақырып өзгертсек қалай'- деген кездерім бар. Ол кісі мені эфир барысында екі рет қуып жіберді, болды бітті мен сенімен жүргізбеймін деп.

Сонымен мен де қарсы болған жоқпын. Кетемін деп едім жоба продюсерлері жібермеді. Мен өзіме сұрақ қойдым, бұл Хабар арнасының маған берген мүмкіндігі ғой неге кетуім керек. Одан да түрімді жасап алайын мен деген шешімге келдім. Аптасына бір рет жеке шығып жүргіздім, төрт рет Бауыржан ағамен жүргіздім онда да көп сөйлемеймін, жүргізуші емес көмекшісі сияқты болып жүрдім" 

Соңғы жаңалықтар