Шетел қазақтарына «Нұрлы көш» бағдарламасы түсіндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетел қазақтарына «Нұрлы көш» бағдарламасы түсіндірілді

Шетел қазақтарына «Нұрлы көш» бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін Астанада, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен репатрианттар мәселесіне арналған дөңгелек үстелде ведомство өкілдері шетел қазақтарына «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарамасының негізгі қағидаттарын түсіндіріп берді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 1166
Фото - Caravan.kz

Дөңгелек үстел жұмысына Астанада өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайына келген Моңғолия, Ресей және Өзбекстан қазақтары қатысты. Жиын барысында репатрианттарды ауылдық жерге бейімдеуге арналған нақты жоспарлар, «Дипломмен ауылға!» шарасына шетелден қоныс аударып келген этникалық қазақтардың қатысуы, оларға жер беру, шағын және орта бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы талқыланды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Оразаевтің айтуынша, биыл елде «Нұрлы көш» бағдарламасының екінші кезеңі басталады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, бағдарламаның келесі кезеңі аясында шетелден келуге ниетті қазақтарды жаңа өндірісті өңірлер мен ауыл шаруашылығы саласына кеңінен тартудың жолдары қаралатын болады. Ол үшін шеттен келген мамандарды қажеттілікке байланысты орналастырып, қайта даярлау мен оқытуды қамтамасыз ету көзделген.

Айта кетейік, «Нұрлы көш» шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің Атажұртқа қоныс аудару үдерісін реттейтін бағдарлама. Ол алыс-жақын шет елдерде тұрып жатқан қазақтарды және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын тиімді орналастыруды, оларға қолайлы тұрмыстық жағдай туғызуға және шоғырландырға бағытталған. Қазақстаның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі оның операторы саналады.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бастапқы жылдары Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырыла бастаған болатын. 2010 жылы бұл бағдарлама тағы 5 өңірде жүргізіле бастады. Олар: Ақмола облысының Степногор қаласындағы Қарабұлақ ауылы, Ақтөбе облысы Хормтау ауданындағы Көктал ауылы, Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қаласы, Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Заречный кенті, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы.

Биылғы жылдың дерегі бойынша, Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігі жылдары тарихи отанға 823 196 адам қайтып оралға

Соңғы жаңалықтар