Шетелде әскери қақтығыстарға заңсыз қатысқан қазақстандықтарды бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелде әскери қақтығыстарға заңсыз қатысқан қазақстандықтарды бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды

Шетелде әскери қақтығыстарға заңсыз қатысқан қазақстандықтарды бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды

Сенат депутаттары бейсенбіде пленарлы отырыста шет мемлекеттердің аумағында әскери

  • 20 Наурыз 2014
  • 551
Фото - Caravan.kz

қақтығыстарға заңсыз қатысқан қазақстандықтарды үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырып жазалауды ұсынды.

Дәлірек айтсақ, бұл норманы сенаторлар «Ішкі істер органдарының қызмет мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ұсынды, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» тілшісі.

Отырыста таралған сенаторлар енгізген түзетулердің салыстырмалы таблицасына қарағанда, заң жобасында «шетелде қарулы қақтығыстарға қатысқандық үшін» қылмыстық жауапқа тарту көзделген. Республиканың жаңа қылмыстық кодексін сәйкесті баппен толықтыру қарастырылған.

"Қазақстан азаматтары шетелде әскери қақтығыстарға ақша алу үшін емес, негізінен алғанда діни ұстанымдарына орай қатысады».


Осы орайда ондай тұлғалардың басқа елдерде қарулы қақтығыстарға қатысуын Қылмыстық кодекстің баптарына сәйкестендіру арқылы криминалдандыру қажет деп санаймыз, деп атап өтілген құжатта.