Жарияланды: 30

Шетелде танылған отандық режиссерлар неліктен Қазақстанда кино түсірмейді?

Шетелде танылған отандық режиссерлар неліктен Қазақстанда кино түсірмейді? Сурет - Kirillskobelev.com

«Кек алушылардай» болмаса да, тәп-тәуір туынды таспалауға қауқарлымыз!»

Айсұлтан Сейітов бастаған отандық жас режиссерлар дәл осы сөздерді алға тартуда. Алайда, еліміздің киногерлері олармен жұмыс істеуге неліктен құлықсыз? Жауабын тілшіміз біліп көрді!

Бағдарламалардың біріне ашыла сұқбат берген Айсұлтан Сейітов, фильм түсіру арманы екенін жеткізген еді. Жас режиссер ресейлік әншілер мен 21 Savage, Offset сынды америкалық хип-хоп орындаушыларға бейнебаян таспалауымен танымал. Алайда, соған қарамастан, қазақстандық киногерлер Айсұлтанды елге шақыруға неге асықпайды? Бұл сауалды өнер өкілдерінің өзіне қойып көрдік.

Ақан Сатаев, режиссер, продюсер:

- Айсұлтан өте дарынды режиссер. Мен оның бірнеше музыкалы бейнебаяынын тамашалап шықтым. Маған оның шығармашылығы ұнайды. Мүмікіндік туса, неліктен бірге жұмыс істемеске.

Сатаев Сейітовпен ортақ жұмыс істеуге тек сәті түспей жүргенін алға тартты. Есесіне, Асқар Ұзабаев болса, Айсұлтанның болашағына қатысты, өзіндік болжам жасады.

Асқар Ұзабаев, режиссер:

- Сейітов? Ол өте мықты. Керемет клиптерді таспалап жүр. Меніңше, ол киноға бет бұрмайды. Ал, өзге жас режиссерларға келер болсам, мен әрдайым оларға қолымнан келгенінше көмек беруге тырысамын.

Тарихи туындылардың «майталманына» айналған Рүстем Әбдіраш та, қажет болса, жастарға қолдау көрсетуге әзір. Алайда, режиссерды киноның сапасына қарағанда, санына көбірек көңіл бөлетін әріптестері қынжылтады.

Рүстем Әбдіраш, режиссер:

- Жастардың киносын көріп отырамын. Кейбіреулер көңілден шығады, кейбіреулер көңілден шықпайды. Біреулер шынымен талантты, біреулер спикуляциялық тұрғыда жасалынатын кинолар болады.

«Ал, нағыз дарын ешқашан жерде қалмайды» - дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть