Шетелден келген 488 мыңнан астам адамның ешбірінен коронавирус табылған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелден келген 488 мыңнан астам адамның ешбірінен коронавирус табылған жоқ

Шетелден келген 488 мыңнан астам адамның ешбірінен коронавирус табылған жоқ

Қазақстанға 6 қаңтардан бастап шетелдерден 488 мыңнан астам адам келген. Оның ішінде қазақстандықтар да, шетелдіктер де бар.

  • 20 Ақпан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірақ олардан коронавирустық инфекция табылған жоқ. Медициналық қызметкерлер келгендердің бәріне монитринг жүргізіп отыр. Бұл туралы елордада өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.  

6 қаңтардан бастап түрлі шаралар қабылданып, 1 ақпаннан бастап ол шаралар күшейтілді. Бүгінгі күннен бастап арнайы бас санитарлық дәрігердің шешімі қабылданып, қосымша санитарлық-эпидемиялық шаралар күшейтілді. Жалпы біздің ең бірінші мақсат – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына келіп жатқан азаматтардың денсаулығын тексеріп, бақылауға алу. 6 ақпаннан бастап 488 мыңнан астам азамат Қазақстанға келді. Оның ішінде қазақстандық та, шетелдікте де бар. Олардың бәрін біз шекарада жағдайын тексеріп, температурасын өлшеп қарап отырмыз. Анкета толтырылуда, — деп мәлім етті Елжан Біртанов брифинг барысында.

Оның айтуынша, осыған дейін Қытайдан келген 24 мыңнан астам адам мониторингке алынған, қазір 23 647 науқастың мониторингі шығарылды.


Бірақ оларда коронавирустық инфекция табылған жоқ. Сонымен азаматтар елге келгеннен кейін біздің арнайы медициналық қызметкерлер бәрін монитрингіге алып отырамыз. Ал жалпы ҚХР-дан келген 24 мың азаматты мониторингілеуге алғанбыз. Қазір 2 3647 мониторинг шығарылды. 14 күннен соң жағдайы жақсарғаннан кейін оларды шығарамыз, — деді министр. 

Қазір мониторингте әлі 789 адам бар. 14 күннен кейін жағдайларына байланысты оларды да мониторингтен шығарылады. 

Шекарада барлық келген азаматтардың денсаулығын тексердік, қажетті анкета жиналды. Олардың арасында 175 науқас ауруханаға жатқызылып, емделіп шықты. Оларда түрлі инфекциялық-респиратуралық аурулар болғандықтан, коронавирустық инфекцияға тексеріліп, 160 адам ауруханадан шығарылды. Қазір 15 науқас емделіп жатыр, — деп түсіндірді Елжан Біртанов.

Соңғы жаңалықтар