Шетелден оралған отандастарымыз елге індет әкеліп жатыр
![]() |
Шетелден оралған Қазақстандықтар елге вирус әкеліп жатыр. |
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Мысырдан келген тағы төрт отандасымыздан коронавирус анықталды. Кеше ғана Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып, Қостанайға қонған азаматтар ПТР-тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтуде.
Ал біздегі жағдай онсыз да мәз емес еді. 10 қаңтарда 773 адамнан коронавирус пен пневмонияның Covid-ке ұқсас түрі анықталды. Бір күнде 1 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.
Ақмола облысы аурудың таралуы бойынша қызыл аймақта тұрған еді, оған енді батыстағы Атырау қосылды
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін