Шетелден ұшып келген қазақстандықтар ПТР қорытындысын 5-6 сағат өткен соң алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелден ұшып келген қазақстандықтар ПТР қорытындысын 5-6 сағат өткен соң алады

Шетелден ұшып келген қазақстандықтар ПТР қорытындысын 5-6 сағат өткен соң алады

22 қазан түнінде 10 халықаралық рейспен 1383 жолаушы келген. Соның ішінде 1230 жолаушының ПТР-анықтамасы болса, қазақстандық 153 адамның тиісті анықтамасы болған жоқ.

  • 22 Қазан 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Түркиядан Шымкентке келген барлық әуе жолаушыларының COVID-19 вирусына тапсырған ПТР-анықтамалары болды. 10 халықаралық әуе рейсі, 1383 жолаушы ұшып келді. Соның ішінде 1230 адамның анықтамасы бар болса, Қазақстанның 153 азаматы анықтамасыз ұшқан, соның ішінде: Нұр-Сұлтанға – 3 әуе рейсі келді, онда 398 жолаушысы болған, анықтамамен – 361 адам, анықтамасыз – 37 адам. Алматы қаласына ұшып қонған 6 әуе рейсімен 899 жолаушы келген. Соның ішінде 783 адамның анықтамасы бар болса, 116 адам анықтамасыз ұшып келді», — деді Сәдуақас Байғабылов желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Қазақстанға арнайы анықтамасыз ұшып келген ел азаматтары ПТР талдау тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тегін карантиндік стационарларға жатқызылады.


«Карантинге жатқызылған Қазақстан азаматтары ПТР қорытындысын талдау тапсырылған кезден 5-6 сағат өткен соң алады. Жолаушылар халықаралық әуе рейстерімен БАӘ, Түркия, Украина, Беларусь, Ресейден ұшып келген еді. ПТР тест тапсыру туралы анықтама қағаз үлгісінде де, электрондық тасымалдаушыда да (смартфон) жарамды», — деп толықтырды ол.

Соңғы жаңалықтар