Шетелдік азамат Қазақстанның оңтүстігінде теракт жасамақ болған – ҰҚК - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік азамат Қазақстанның оңтүстігінде теракт жасамақ болған – ҰҚК

Шетелдік азамат Қазақстанның оңтүстігінде теракт жасамақ болған – ҰҚК

 

  • 21 Сәуiр 2023
  • 35
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы террористік акті жасамақ болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап. 

“Биылғы жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризммен күрес бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы жасамақ болған террористік актінің алдын алды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сонымен қатар, астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылды. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.


Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығу өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды.

«Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар