Шетелдік азаматқа тұрмысқа шықпас бұрын нені білу қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік азаматқа тұрмысқа шықпас бұрын нені білу қажет

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шықпас бұрын нені білу қажет

Өзіміздің көптеген қазақтың қыздары шетелдік азаматқа тұрмысқа шығып, шет мемлекетте өмір сүруді армандайды.

  • 1 Желтоқсан 2017
  • 885
Фото - Caravan.kz

Неге екені белгісіз шетелде тұру әр қыз балаға үлкен бір арман болып, сол арман жетегіне еш ойланбастан кете баруда. Ал, мұндай некенің өзіндік қиындықтары бар екенін, көбі біле бермейтіні айдан анық. Мысалы, екі ел азаматы отбасын құрып, аралары жараспай, ажырасқан жағдайда бірқатар қиындықтар туындайды. Махаббат сөнгенімен, арада бала қалады. Ал олар шетел азаматы саналады. Мұндай жағдайда ананың да, баланың да көз жасы көмектесе алмайды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығып, ажырасқан жағдайда, арадағы бала шетел азаматы болғандықтан, әкесімен бірге сол елде қалады. ҚР СІМ мәліметі бойынша, қазақстандық 4 қыз дәл осындай жағдайды басынан өткерген. Елшілер шетелдік азаматқа тұрмысқа шығар алдында мұндай некенің артықшылықтары мен кемішіліктері жөнінде жан-жақты ойланып, ақыл сарабынан өткізуге кеңес береді. Сонымен қатар сөз байласқан азамат тұрып жатқан мемлекеттің заңдарын білу қажет.

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығар алдында төменде аталғандарды ескеріңіз:


1. Болашақ жарыңыз тұрып жатқан мемлекеттің неке және отбасы туралы заңын білу.

2. Болашақ жарыңыз тұрып жатқан мемлекеттегі отбасылық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды білу.

3. Шет мемлекеттің азаматтық туралы заңымен танысу (балалардың азаматтығы туралы).

4. Консулдық тіркеуге тұру (ҚР консулы сіз туралы барлық мәліметті білуі тиіс).

Соңғы жаңалықтар