Шетелдік мамандарды тарту жөніндегі өзгерістер ДСҰ қағидаларына сай - еңбек министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік мамандарды тарту жөніндегі өзгерістер ДСҰ қағидаларына сай - еңбек министрлігі

Шетелдік мамандарды тарту жөніндегі өзгерістер ДСҰ қағидаларына сай - еңбек министрлігі

Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі ұсынып отырған шетелдік жұмыс күшін тартудың оңтайландырылған тәртібі ДСҰ талаптарына сай келеді.

  • 20 Мамыр 2014
  • 478
Фото - Caravan.kz

"Өңдеуші, аграрлы, геологиялық барлау саласына трансұлттық компанияларды тарту арқылы индустриялануды біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз еткен орынды болмақ", деді Астанада сейсенбіде әлеуметтік-мәдени жөніндегі комитеттің отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қайрат Әбсатаров.

Аталған үш салаға инвестиция құюшы трансұлттық компанияларға квотадан тыс және Қазақстанда жұмыс істеу рұқсатынсыз басқа елдердегі филиалдарынан өз қызметкерлерін тартуға құқық беру ұсынылып отыр.

"ДСҰ ондай қағида бар", деді ол.

Сонымен қатар, жұмыс беруші қазақстандық және шетелдік мамандар сәйкестігі міндетін сақтауға тиіс, еңбекке ақы төлеуде теңсіздікке жол бермеуі шарт және қазақстандық жұмысшыларды оқыту талабы сақталмақ.


Сондай-ақ, Қазақстанға үкіметтік грант бойынша жетекші жоғары оқу орындарында оқу үшін шетелдік дарынды жастар да тартылмақ, деді ол.

Алдында хабарланғандай, еңбек министрлігі көші-қон заңын жетілдіру тұжырымдамасын дайындады, сәйкесті түзетулерді парламент қарауына биыл ұсыну көзделген.