Жарияланды: 180

Шетелдіктер Қазақстанда жұмыс істегенді қалайтын болып шықты

Шетелдіктер Қазақстанда жұмыс істегенді қалайтын болып шықты

Шетелдің білікті мамандары Қазақстанды таңдайды! Отандастарымыз жұмыс іздеп жаппай шекара асса, ондағылар керісінше бізге ағылуда. Мұны бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі әлемдік рейтинг көрсетіп отыр. Оған сәйкес, биыл еліміз бірден 14 сатыға көтеріліп, 30-ыншы орынға жайғасқан. Тізімде 63 мемлекет барын ескерсек, Қазақстан көштің ортасында келе жатыр. Ал, былтыр еліміз 44-інші орынды қанағат тұтқан. Бұл жолы Қазақстан Жапония, Испания,

Италия сынды әлемнің дамыған елдерін басып озған.

Шетелдің білікті мамандары Қазақстанды таңдайды! Отандастарымыз жұмыс іздеп жаппай шекара асса, ондағылар керісінше бізге ағылуда. Мұны бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі әлемдік рейтинг көрсетіп отыр. Оған сәйкес, биыл еліміз бірден 14 сатыға көтеріліп, 30-ыншы орынға жайғасқан. Тізімде 63 мемлекет барын ескерсек, Қазақстан көштің ортасында келе жатыр.

Ал, былтыр еліміз 44-інші орынды қанағат тұтқан. Бұл жолы Қазақстан Жапония, Испания, Италия сынды әлемнің дамыған елдерін басып озған. Тіпті, Ресейді де артта қалдырды. Солтүстіктегі көршіміз 43-інші орынға жайғасқан. Тізім соңында Украина, Венесуэла, Моңғолия тұр. Украина биыл бірден 10 орынға төмен түсіпті. Ал, көшті бастап тұрған Еуропа елдері. Бәсекелестікке қабілеттілігі ең жоғары мемлекет  Швейцария. АҚШ үздік ондыққа да кіре алмай, 16-ыншы сатыда тұр. Бұл рейтинг елдердің білікті мамандарды жұмыс пен оқуға тарта білу қабілеттілігін, оларды дамыту мен өзінде ұстап қалу мүмкіндігінің көрсеткіші. Тек шетелдіктер Қазақстанға көптеп келгенімен, өзіміздің азаматтар одан 2 жарым есеге көбірек шекара асуда. Биыл елімізге жұмыс пен білім іздеп 12 мың еңбек мигранты келсе, 28 мың Қазақстан азаматы жат жұртқа аттанған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін