Қазақстандық қыздар виртуалды порнобизнеспен айналыса бастады. Олар веб-камера арқылы ерлердің талап-тілектерін орындап, сол үшін ақша алады. Мұндай онлайн-кездесулер үшін Алматыда, тіпті, арнайы студиялар ашылған. Кәсіптің бұл түрін шетелдіктер қолға алған деген болжам бар. Себебі Қазақстанда мұндай сорақы жағдай бұрын-соңды болмаған, деп хабарлады КТК арнасы.
«Жұмысқа модель қабылдаймыз: айлық жалақысы жоғары, жұмыс кестесі оңтайлы, жаңа құрылыс алаңындағы ыңғайлы кеңсе», – алматылық ару Аяның хикаясы дәл осы хабарландырудан бастау алды.
Өзін Виктория деп таныстырған әйел Аяға аптасына 50 мың теңге беретінін, ол үшін бар болғаны камера арқылы шетелдіктермен әңгіме-дүкен құруы керектігін айтқан. Алайда іске келгенде барлығы басқаша болды.
«Көйлегімді көтеруімді, шөлкемді, аяғымды көрсетуімді, одан қалса төсекке жатып сол сәтті көрсетуімді сұрады. Одан: «Сонда шешінейін бе әлде көйлегімді көтерейін бе?» деп сұрадым. Ол: «Жоқ, көйлегіңді көтер, ақша жоқ па, шешінбе. Ақша берсе шешінетін боласың», – деп жауап берді.
Қылымсушылық немесе камера алдында эротикалық би билеу – бұл клиенттер талап ететін нәрселердің ең зілсізі. АҚШ-тық не еуропалық клиенттер тіптен сорақы амалдарға баруын талап ететін көрінеді.
Алматылық бойжеткен жұмысқа орналасқан кеңсе үш бөлмеден тұрады. Веб-камера, монитор және пернетақтамен жабдықталған екі жатын және бір қонақ бөлме. Төсек пен шырағдан романтикалық атмосфера орнатып тұр.
Айя тек екінші күні ғана виртуалды порнокәсіптің құрбаны болғанын түсінген. Бойжеткен фирманың атауы мен құжаттарын сұратып талап етсе керек-ті. Ал жұмыс беруші мұның екеуін де көрсете алмаған. Ал вебкам-студия басшысы Қазақстанда заңсыз кәсіппен айналысып жүргенін мойындады.