Шойгу Ресейде "ақпараттық операциялар әскері" құрылғанын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шойгу Ресейде "ақпараттық операциялар әскері" құрылғанын растады

Шойгу Ресейде "ақпараттық операциялар әскері" құрылғанын растады

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 18 ақпанда Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде Қарулы күштер құрамында ақпараттық операциялар әскері құрылғанын ресми түрде растады.

  • 23 Ақпан 2017
  • 329
Фото - Caravan.kz

"Үгіт-насихат сауатты әрі тиімді жүргізілуі тиіс. Сол себепті ақпараттық операциялар әскері құрылды", — деді ол. Шойгу Ресей мүддесін жақтайтын насихат басқармасын құру қажет деген пікірге осылай жауап берді.

РБК ресурсының Мемлекеттік Думадағы дереккөзі бұл бөлімнің хакерлік шабуылдарды тойтарумен айналысатынын атап өткен. "Бұған қоса ол ел ішінде ғана емес, шетелде де үгіт-насихатпен айналысады". Бірақ бұл "ақпарат құпия сақталып келді".

Ресейдің мемлекеттік телеарналарының жалған ақпарат таратумен айналысқанын бірнеше мәрте сынаған еді. Фейк жаңалықтарды зерттеу Германия, Франция және АҚШ-та жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар