"Шоқан Уәлиханов - тұңғыш ғарышкер": Оқушылар қазақтың қазақ болып қалыптасуына үлес қосқан бабалар есімін танымайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шоқан Уәлиханов - тұңғыш ғарышкер": Оқушылар қазақтың қазақ болып қалыптасуына үлес қосқан бабалар есімін танымайды

"Шоқан Уәлиханов - тұңғыш ғарышкер": Оқушылар қазақтың қазақ болып қалыптасуына үлес қосқан бабалар есімін танымайды

Қазақтың қазақ болып қалуына үлесін қосқан, осы жолда жандарын пида еткен бабалар есімін білмейтін ұрпақ - Елі мен Жерін қорғауда ерік-жігерді қайдан алмақ?

  • 25 Сәуiр
  • 224
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы «Айна» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тележүргізуші Ғалым Кәлмен ата-бабасының аты-жөнін дұрыс атамай жүргеніміздің себеп-салдарын тарқатып айтты.

«Ұлт үшін күрескен ұлыларды ұмытып, ата-баба әруағын қорлап, хандарды — ханшайым, патшаны — патшайым, батырларды қатын қылып жүрген қазақпыз. Қатты айтсам, кешірім өтінемін!

«ов» пен «ев»-ті «ова, ева», «ин»-ді — «ина», күйшіні — «куйши Дина» дейміз.

Имановтар — Иманова, Байтұрсыновтар — Байтурсынова, Майлин мен Сейфуллин — Майлина, Сейфуллина, Уәлихановтар — Уәлиханова болып кеткелі қай заман? Олардың өзін жастар мектепте оқыды дегенге сену қиын. Құдай біледі, автобустың қай көшемен жүретінін айқайлап айтатын кондуктордан естімесе, кімдер екенін білмейді де. Тіпті, өзі тұратын көшенің атына алып тұлғаның аты берілгенін танымай, масқара болып жатыр.

Ал, сіз Шоқан Уәлихановтың біздің тұңғыш ғарышкеріміз екенін білуші ма едіңіз? Білмесеңіз, сюжет көріңіз!».

Сөйтіп, тілші Санат Нұрбай халық арасында эксперимент жасады.

— Біз Амангелді Иманов пен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысында тұрмыз. Әдетте, біз Иманова, Уалиханова, Қонаева, Абая деп айтамыз. Ешкім, Шоқан Уәлиханов, Амангелді Иманов деп толыққанды атамайды. Бұл — үлкен қателік, деді.

Тілші ұлы тұлғаларды халық тани ма, көше атауын біле ма деп, экспериментін бастап кетті.

— Қай көше?

— Иманова.

— Иманова деген кім ол?

— Иманова. Оны білмейді екенмін.

— Енді, бұдан былай Амангелді Иманова деп айта ғой. Амангелді Иманов — қазақтың батыры. Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болған, деп тілші ұлы тұлғаны танымаған жас жігітке қысқаша түсінік берді.

Бұл — басы емес. Жастардан бөлек, Шоқан Уәлихановты үлкендер де басын шайқап, танмаймын деп кетті. Енді бірі, уақытым жоқ деп қысқа қайырды.

«Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деді ма, жас қыз баласы (бәлкім, студент немес оқушы) Шоқан Уәлихановты «тұңғыш ғарышкер» деп, масқара болды.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, аудармашы, тілші, саяхатшы.

Амангелді Иманов (1873-1919)

Амангелді Үдербайұлы Иманов — халық батыры, 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Ол Кенесары Қасымовтың жақын серіктесі Иман Дулатұлының немересі.

Соңғы жаңалықтар