МН-300 зымыраны «Капустин Яр» полигонынан ұшырылған. Межеленген биіктікке шыққан соң, аппарат метеорологиялық мәліметтер жинап, алдын-ала белгіленген жерге барып түсуі тиіс болыпты. Алайда, діттеген бағытынан қиыс кеткен ракета Шоңғай елді-мекенінің маңына барып түскен. Абырой болғанда, ауыл тұрғындары аман. Қазір зымыранныңқалдығы аудандық әскери бөлімшеге жеткізілген. Мамандар алдағы күндері оны ресейліктердің қолына табыстамақ.