"Шошаңдап жүре бермей туып берсейші": Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің балалы болуға қатысты ойын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шошаңдап жүре бермей туып берсейші": Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің балалы болуға қатысты ойын айтты

"Шошаңдап жүре бермей туып берсейші": Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің балалы болуға қатысты ойын айтты

Әнші Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің балалы болуға қалай қарайтынын айтты.

  • 9 Маусым 2023
  • 334
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Басында күйеуім қыздар мені қалай қабылдайды деп қорықты. Мен қыздарды қоя тұр, бірінші сенің әке-шешеңнің алдына барайық дедім. Себебі,  үйленбеген жігіттің төрт баласы бар, ажырасқан әйелді  алуы деген біздің Шымкенттің логикасына  кірмейтін дүние. Егер сенің әке-шешең батасын берсе, менің әке-шешеме барайық дедім. Содан кейін марқұм папасының алдынан өтіп жатқанда ол кісі  естіп жатырмын, бақытты болыңдар деді. Бірақ сенің әке-шешең біле ме деді, мен мамам шет жағасын біледі, папам білмейді десем ол кісі шошып кетті. Сенің папаң келіспей қойса қайтеміз сен жұлдызсың, біз қарапайым адамбыз деді. Бізде Шымкентте сен президенттің қызы болсаң да ажырасқан, баласы бар әйелдің үйленбеген жігітке тиюі деген мүмкін емес дүние дедім. Сонда ол кісі балалардың ешқандай кінәсі жоқ қой деді. Бір жылға жетпей үлкен қызым күйеуіме сізге папа десек бола ма деді. Қазірдің өзінде бәрі айтады шошандап жүре бермей туып берсейші деп. Сондай жағдайларда менің көңілім түсіп қалған кезде ол мен ертең құдайдың алдына барғанда сен неге балалы болмадың деп емес, қыздарға қандай әке болдың, қандай жар болдың деп сұраламын деген кезде де ойланып қалады екенсің", — дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар