Бұл ҮИИД бағдарламасының шеңберінде Аягөз ауданында іске асырылатын 7 жобаның бірі, деп хабарлады облыс әкімінің ақпараттық орталығынан.
Нысан құрылысына 304 млн. теңге кетті. Кәсіпорынның қуаты жылына 10 миллион кірпіш. Өнім қазірдің өзінде жоғары сұранысқа ие.
Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиевтің айтуынша, Астанадан, Семейден, Өскеменнен өте көп тапсырыс келіп түскен.
«Бүгінде 600 орындық мектеп салынуда. Сертификат алғаннан кейін мердігерлер кірпіш жеткізуге келісімшарт жасайды деп отырмыз, сонымен бірге құрылыс материалдар тасымалын ескеріп материал 15 пайызға арзан болмақ», — деді Н. Нұрғалиев.
Қазір зауытта 50-ден астам адам жұмыс істейді. Барлығы жергілікті тұрғындар. Қысқа мерзімде кәсіпорын қызметкерлері өндіріс үрдісін игеріп үлгерді. Кірпіш зауыты қазақстандық-қытайлық компаниялардың ынтымақтастығы арқасында іске қосылды.