ШҚО -да «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО -да «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы өтіп жатыр

ШҚО -да «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы өтіп жатыр

Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылға арналған арнайы операциялық жоспарына сәйкес 13-26 маусым аралығында республика аумағында «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы өтуде.

  • 17 Маусым 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

Іс-шараның мақсаты — әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторларының әрбір пәтер мен үйді аралау арқылы, тұрғындармен байланысты жақсарту және серіктестік қатынастарды мейлінше дамыту болып табылады.

«Осы мақсаттағы жұмыстар Шығыс Қазақстан облысында да қарқынды жүргізілуде. Дәлірек айтсақ, іс-шара басталған алғашқы күннен бастап-ақ, бүгінге дейін учаскелік полиция инспекторларының пәтерлер мен үйлерді аралауды кешкі сағат 18.00-ден 22.00-ге дейінгі уақыт аралығында жүргізу барысында нақты мәліметтер жиналып алынды. Бұған төменде келтірілген мәліметтер арқылы көз жеткізуге болады», — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің келтірген мәліметтеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша әкімшілік учаскелердің саны 633. Сонымен қатар, пәтерлер саны 234404 болса, жер үйлердің қатары 232496 болып отыр. Дәл бүгінгі күнге шейін 37266 учаскелік полиция инспекторларының визиткалары тапсырылды. Атқарылған жұмыстар барысында 33 іс криминалды полиция бөліністеріне жіберілді. Олардың 10-ына қылмыстық іс қозғалып, 23-і жедел есепке алынды. Есірткіге қарсы күрес бөлімдеріне 13 іс жолданып, 12-сі жедел есепке алынса, 1 іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Акция аясында жүргізілген жұмыстың алғашқы 4 күндік қорытындысы бойынша 107 қолайсыз отбасы анықталып, 81 көші-қон заңын бұзғандар анықталды. Олардың біреуі елімізден тыс жерге шығарылып, 80-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пәтерін жалға берген 144 азамат анықталып, олар жайлы толық ақпараттар салық органдарына жолданды.

«ІІО басшылығымен қалалық жерде 190 адам, ауылдық мекендегі 488 тұрғын қабылданған. Жүргізілген жұмыстар барысында азаматтар тарапынан арыз-шағымдар келіп түспеген», дейді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар