ШҚО мектептерінде жаңа пән енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО мектептерінде жаңа пән енгізіледі

ШҚО мектептерінде жаңа пән енгізіледі

1 қыркүйектен бастап роботты техника кабинеттері базасында қосымша ІТ-сыныптар да ашылады.

  • 17 Шiлде 2018
  • 75
Фото - Caravan.kz

Бул туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Жаңа оқу жылында өңірімізде 277 ІТ-технологиялар сыныбы ашылады. Оларда сабақ беретін мұғалімдер 15 тамызға дейін даярлықтан өтуі тиіс.

1 қыркүйектен бастап роботты техника кабинеттері базасында қосымша ІТ-сыныптар да ашылады. Үкіметтің аталмыш кешенді бағдарламасын жүзеге асыруды облысымыз биылдан-ақ бастап кетті. Жалпы, еліміз бойынша 2020 жылға дейін 1 мың ІТ-сынып ашу жоспарланған-ды. Біздің өңір бағдарламаландыру атты жаңа пәнді балаларға алғашқы болып оқытпақ.

«Оқу жылының басына дейін облыстағы барлық 476 толық комплектілі мектеп жөнделіп бітуі тиіс. Әсіресе, ІТ-технологиялар сыныптарына жіті көңіл бөлген жөн. Аталмыш пәннің мұғалімдері арнайы курстардан өтуі қажет. Ол үшін өңірде барлық тиісті мүмкіндіктер бар. Жұмыс барысын апта сайын бақылауда ұстап отыруды жүктеймін», – деп тапсырды аймақ басшысы Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар