ШҚО тауларында 200 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО тауларында 200 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды

ШҚО тауларында 200 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды

11 мамырда Пугачев орманшылығында Күршім орман шаруашылығының 200 гектар аумағында шыққан өрт ауыздықталды.

  • 13 Мамыр 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz


Күршім өзенінің Үшбұлақ ауылы маңындағы аумағында құрғақ шөп жалынға оранды. Оны ұшақпен аймақты шолу кезінде көріп қалған. Өрт туралы хабар «Қазавиаорманкүзеті» РМКК диспетчеріне 11 мамырда сағат 16.00 келіп түсті. 

Орман шаруашылығы, «Қазавиаорманкүзеті» және жергілікті атқарушы органдарының 35 қызметкері тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылды. 12 мамырда таңертең өрт сөндірілді,  деп хабарлады ТЖ департаментінен.