және берешек жөнінде ақпаратты SMS-хабарлама жіберу арқылы алу қызметі енді қолжетімді болмақ.
Қызмет құны — 30 теңге. Қызмет нөлдік теңгеріммен де қолжетімді. Электр энергиясы үшін түскен төлемнен автоматты түрде ақшалай қаражат есептен шығарылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның бас директоры Вячеслав Аксенов компания клиенттерге қызмет көрсету сапасы менеджментін жетілдіруге ниетті екенін айтты. Мұнда техникалық салада да — ақпараттық технологиялар, байланыс құралдары және тәсілдері, сервисте де — шоттарды электрондық поштаға жеткізу, баламалы төлем тәсілдері, жеке тұлғалар үшін «Жеке кабинет» сияқты жаңашылдықтар енгізілуде.
Бұл қызметтерге жазылу үшін кәсіпорынның дербес қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.