қалдықтарды Грехов руднигінің игеріліп кеткен кен орындарына көмуге қатысты"Казцинк" ЖШС–нің шешіміне қарсы.
Село тұрғындары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа және облыстық экология департаментіне хат жолдады, олар облыста экологиялық талаптар саласындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін шаралар қолдануды сұрап отыр.
"Әр түрлі кластағы қалдықтарды полигондарға орналастыру тізіміне орай "темірлі-мышьякты кек" қалдығы 1 кластағы қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигонға көмілуге тиіс. Ал Грехов руднигін су толтыру әдісі арқылы тоқтату және жою көзделген", делінген онда, хат мәтінін адам құқы және заңдардың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро таратуда.
Хатқа Зыряновск ауданының 410 тұрғыны қол қойған.