ШҚО тұрғынының көлігінен екі еліктің еті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО тұрғынының көлігінен екі еліктің еті табылды

ШҚО тұрғынының көлігінен екі еліктің еті табылды

Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының көлігінен 2 еліктің еті табылды.

  • 2 Сәуiр 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Зайсан ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолында «Шевролет Нива» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік ішінде Боран ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Зайсан қаласының 43 жастағы тұрғыны болды.

«Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 37 келі 2 еліктің еті табылды. Сондай-ақ осы азаматтардың біріне тиесілі 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген», — деп хабарлады ведомство өкілдері.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.