ШҚО жолдары қашаннан бастап ақылы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО жолдары қашаннан бастап ақылы болады

ШҚО жолдары қашаннан бастап ақылы болады

ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болады.

  • 12 Наурыз 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері ШҚО-дағы қоғамдық тыңдау барысында мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ұзындығы 464 шақырым болатын М-38 тас жолының Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі биыл ақылы болады.

Павлодар облысында — 3, Шығыс Қазақстан облысында — 8 бақылау аркасы орнатылып, тест режимінде іске қосылды.

ШҚО-дағы ақылы учаске Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққулы, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтетін жолда болады.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» Павлодар – Омбы жолы да ақылы болатынын хабарлаған еді.

Ақы алудың ашық жүйесі М-38 автожолының барлық учаскесіне енгізіледі.

Қытай Халық Республикасы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді.


Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі ІІ техникалық санаттағы жолға жатады. Яғни, жүк көліктері үшін ғана ақылы болады.

Жалпы, ШҚО халқы аймақ жолдарына ақылы жүйені енгізуді қолдады.

Бірақ, тұрғындар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, фермерлер мен коммуналдық қызмет техникасына жеңілдік қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, ШҚО тұрғындары Павлодар – Семей – Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, бөлу жолақтары мен мал өте алмайтын қоршау орнатуды талап етті.