ШҚО-да 126 мемлекеттік қызметкер желідегі парақшасына этикаға қайшы сурет жүктеген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 126 мемлекеттік қызметкер желідегі парақшасына этикаға қайшы сурет жүктеген

ШҚО-да 126 мемлекеттік қызметкер желідегі парақшасына этикаға қайшы сурет жүктеген

Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі парақшалары қатаң бақылауға алынған. Жүргізілген мониторин

  • 25 Тамыз 2017
  • 514
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі парақшалары қатаң бақылауға алынған. Жүргізілген мониторинг жұмысының қорытындысы бойынша 126 мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан Этикалық кодекске қайшы 309 сурет анықталған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш көрсеткіш бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті аудан әкімдіктері, басқармалар мен департаменттерге хат жолдап, жауап алған. Нәтижесінде 49 қызметкерге ескерту айтылса, 1 қызметкерге сөгіс жарияланды.

– Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желіге бір-біріне қару төсеп немесе ішімдік ішіп отырған суреттерін салған. Бұл дұрыс емес. Ондай суреттерді қарапайым тұрғынның өзі салуға ұялады. Қажет болса жеке суреттер қатарында сақтасын. Алайда оны желіге жария етудің керегі жоқ. Себебі кейін халық «Бұлар жұмыстың орнына аңға шығып, ішімдік ішіп жүреді» деп санайтын болады, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Сапарғалиев.


Бұдан былай департамент өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алған фактілердің қайталанбауына бақылау жүргізіп, назарға алмақ.

Соңғы жаңалықтар