Жарияланды: 150

ШҚО-да 13 жолаушы отырған автобус аударылды

ШҚО-да 13 жолаушы отырған автобус аударылды

Өскемен-Риддер тасжолында 13 жолаушы отырған автобус аударылып кетті.

Төтенше жағдай жайлы хабарлама сағат 10.30-да келіп түскен. Автобус Өскемен-Риддер тасжолының 50-шақырымында аударылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.  

"Өскеменнен Риддерге бара жатқан жолаушылар автобусы аударылды. Кеше, 26 желтоқсанда осы аумақта жүк көліктері мен жолаушылар автобусы қозғалысына шектеу қойылған болатын", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Жол апатына ұшыраған жолаушыларға жедел түрде көмек көрсетілді. ТЖК мәліметінше, алты адам ауруханаға тексеріске жіберілді. 

Ал автобус жүргізушісі Өскемендегі ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар басқа көліктермен кете берді. Автобуста барлығы 13 жолаушы болған.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін