Жарияланды: 50

ШҚО-да 19 жастағы жігіт күрек пен қайшымен ұрып, адам өлтірді

ШҚО-да 19 жастағы жігіт күрек пен қайшымен ұрып, адам өлтірді

 

Ағымдағы жылдың қазан айының басында Бородулиха ауданының ПБ кезекші бөліміне белгісіз әйелден хабарлама келіп түсті, онда ол Жаңа Шүлбі ауылы көшелерінің бірінде орналасқан үйден зорлықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылғанын айтқан еді, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу барасында ер адам өз кінәсін мойындады", деп ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов атап өтті.

Тәртіп сақшылары қаскүнемнің алкоголь өнімін ішу барысында жәбірленушімен жанжалдасып, күрекпен және қайшымен оны бірнеше рет соққыға жыққанын анықтады. Нәтижесінде соңғысы өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған.

Адам өлтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Осы баптың санкциясы 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін