Жарияланды: 330

ШҚО-да 4 адамға иіс тиіп, екеуі көз жұмды

ШҚО-да 4 адамға иіс тиіп, екеуі көз жұмды

ШҚО-да 4 адамға иіс тиіп, екеуі көз жұмды.

ТЖ департаментінен хабарлағандай, түнде Белоусовка кентіндегі жекеменшік үйде екі адамның мүрдесі табылды. Олардың біреуінің, 51 жастағы ер адамның тұлғасы анықталды, екіншісінің тұлғасын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тексеріс кезінде иіс тию тұрмыстық жағдайда орын алғаны және қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуымен байланысты емес екені анықталған - үйді жылытатын пештің мұржасы жабылып тұрған.

Кеше кешке Аягөздегі аудандық ауруханаға 73 жастағы әйел мен 10 жасар бала жеткізілген. Оларға жекеменшік тұрғын үйдің моншасында иіс тиген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін