ШҚО-да 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды

ШҚО-да 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды.

  • 5 Қыркүйек 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 қыркүйекте Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі аумағында өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Тілсіз жау ашық алаңда шөп пен бұтаны шарпыды.

«Қызыл жалынды өшіруге департаменттің жеке құрамынан 16 адам, 4 техника, орманшылардан 30 адам, 6 техника және жергілікті атқарушы органнан 30 адам, 6 техника жұмылдырылған. Күрделі рельеф және қатты жел өртті сөндіруді қиындата түсті», — делінген ақпаратта.

Өртпен күреске тартылғандардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында от елді мекендерге таралмады. Жалпы ауданы 45 гектарға жайылған тілсіз жау 4 қыркүйекте сағат 17.25-те толықтай ауыздықталды.


Соңғы жаңалықтар