ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр

ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер ішімдікке үйір баланы есепке қойып, жағаларын ұстап отыр. Әлі мектепке бармаған, әріп танымайтын ол ата-анасының отырыстарынан кейін стақанның түбінде қалған ащы суды ішіп, мас болып жатады екен. Сонымен, алты жасар ұлдың бұл қылығына кім жауапты, ата-анасына қандай шара қолданылады?   
 

  • 23 Қаңтар 2018
  • 145
Фото - Caravan.kz


Шығыстағы ең кішкентай маскүнем атанған бүлдіршіннің наркодиспансердегі емдеу бағдарламасы да бөлек. Дәрігерлер алты жасар баланы әдбен айықтырып болған соң, бірнеше аптадан бері психологиялық көмек көрсеткен.

– Бұл балаға әртүрлі емдом шаралары жасалды. Оның тәрбиесіне, дамуына көңіл бөлініп, қолдан келгенше емдеп жатырмыз, — дейді психоневрологиялық диспансердің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Людмила Кошелец.

Кішкентай маскүнем ең алдымен жедел жәрдем қызметкерлері көрген. Үнемі ата-анасының ырду-дырду отырыстарынан кейін қараусыз қалған бала үстелдегі қалдық арақты ішіп алады екен. Соңғы рет қатты мас болып, оянбай қалған сәби ауруханаға түсіпті. 
   
Шығыс Қазақстандағы мамандар мұндай маскүнемді бірінші рет емдеп отырған жоқ. Былтыр Риддерде жансақтау бөліміне түскен 7 жасар баланың қанынан да ішімдік табылған. Артынша бүлдіршіннің ата-анасының көзінше арақ ішіп, осындай күйге түскені мәлім болды. Ал психологтар баланың көзінше ішімдік ішудің салдарын осыған әкеледі деп топшылайды.     
 
– Отбасында әке-шешесі мас болып отыр.  Баланы шөлмек алып кел деп жұмсайды. Ұрып соғады. Бала не істейді? Бала жоғалтады өзін. Үлгі алады ғой әке-шешесінен. Тәрбие жоқ, тамағы жоқ, — дейді психолог Светлана Құдиярова.

Әзірге Өскемендегі алты жасар баланың тәрбиесі мен тәртібіне байланысты  кімге қандай шара қолданылатыны белгісіз. Жалпы елімізде кәмелет жасына толмағандардың ішімдік ішіп, есірткі мен психотроптық заттарды қолданғаны үшін ата-аналарға жарты миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар